$ 451.87 € 507.31 ₽ 5.53

Атырауда көпір құлағалы тұр: әкімдік апат болғаннан кейін ғана қимылдай ма?

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Атырау қаласындағы Балықшы ықшамауданы мен Берғалиев көшесін жалғайтын көпірде деформациялық жіктің бүлінуі жүргізушілерге қауіп төндіріп отыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ақаулы жол бөлігінен өткен көліктің дөңгелегі зақымданып, жүргізуші әбігерге түскен. Оқиға кезінде көлікте сегіз айлық жүкті әйел болған, ал жағдайды жол полициясы ресми түрде тіркеген. Орталық көпірдің жағдайы бұған дейін де бірнеше рет көтерілгенімен, қауіпті ақаулардың әлі күнге дейін жойылмауы әкімдік жұмысына қатысты сұрақ туғызады.

Қала билігі жыл соңына дейін алты көпірге тексеру жүргізетінін мәлімдеген, алайда тұрғындарға тексеру туралы уәде емес, нақты жөндеу мен қауіпсіз жол қажет. Көпірдегі ақауды жою үшін тағы бір апат болуы керек пе, әлде әкімдік жауапкершілікті қазірден бастап мойнына ала ма?

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0