06.11.2026, 15:15

Рұқсатсыз асфальтты ойып тастаған: Сәтбаев көшесіндегі мердігер тұрғындардың наразылығын тудырды

Фото: видеодан скрин

Сәтбаев көшесі, 10А мекенжайындағы гараж кооперативінің аумағында электронды аялдама таблосын орнатуға келген мердігер асфальт жабынын тұрғындардың келісімінсіз ойып тастаған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жұмысшылар жеке аумақта жұмыс жүргізуге рұқсат беретін құжаттарды көрсетпеген. Бұған наразы болған тұрғындар полиция шақырып, ресми арыз жазғанымен, олардың айтуынша, тәртіп сақшылары келгеннен кейін де жұмыс тоқтамаған. Мердігер өкілдері асфальтты бүлдіріп болған соң ғана тұрғындарға хат жолдап, аумақты кейін қалпына келтіруге уәде берген. Алайда тұрғындар жеке аумаққа рұқсатсыз кіріп, жол жабынын бүлдіргендерге қатысты нақты шара қолданылуын талап етіп отыр.