06.11.2026, 15:10

«Пәтердің ақшасын төледі, енді кемшілігін жөндете алмай жүр»: BI Group тұрғындардың наразылығына неге жауап бермейді?

Фото: видеодан скрин

Алматыдағы «Dream City Family» тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алған тұрғындар BI Group компаниясының сапасыз жөндеу жұмыстарына шағымданып жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Дайын әрлеумен тапсырылған пәтерлердің кемшіліктерін тұрғындар бір жарым айдан бері түзете алмай әлек. Олардың айтуынша, компания өкілдері ақауларды әр апта сайын жөндеуге уәде бергенімен, мәселе әлі шешілмеген. Соның салдарынан тұрғындар пәтердің жағдайын қайта-қайта тексеру үшін такси жалдап, уақытын да, ақшасын да жұмсауға мәжбүр. Пәтердің ақысын толық төлеген азаматтар сапалы жөндеуді талап етіп, құрылыс компаниясының жауапсыздығына наразылық білдіруде. Тұрғындардың шағымына BI Group қашан нақты жауап беріп, анықталған кемшіліктерді толық жөндейді?