$ 447.14 € 499.54 ₽ 5.46

Маңғыстауда автобус жаяу жүргіншіні қағып, ер адам оқиға орнында қаза тапты

Марқұм «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да вахталық әдіспен жұмыс істеген қызметкер болған.

Фото: әлеуметтік желі
Фото: әлеуметтік желі

Маңғыстау облысында Ақтау–Қаламқас тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды. Daewoo маркалы автобус жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып, ер адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай 6 қарашада Ақтау–Қаламқас автожолының 170–171-шақырымында, аялдама маңында болған. Автобус жүргізушісі жолды кесіп өтпек болған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Марқұм «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да вахталық әдіспен жұмыс істеген қызметкер болған.

Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Автобус арнайы айып тұрағына қойылған. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ басшылығы қаза тапқан қызметкердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0