Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді.
Валерий Меладзенің Алматыдағы концертінде жанжал шығарған үш әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді.
Полицияның мәліметінше, концерт кезінде көрермендер арасында жанжал туындаған. Қоғамдық тәртіпті бұзған әйелдерді қауіпсіздік қызметі концерт залынан шығарып жіберген. Кейін жүргізілген тексеру нәтижесінде оқиғаға қатысқан үш әйелдің жеке басы анықталды.
Олардың екеуі Алматы облысының тұрғындары болып шыққан. Әйелдердің біріне сот шешімімен 5 тәулікке әкімшілік қамақ тағайындалса, екіншісіне қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін айыппұл салынды.
Ал Тараз қаласынан келген үшінші әйелге қатысты ұсақ бұзақылық бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Жиналған материалдар тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.