10.11.2026, 09:10

«Емханаға жету мұң болды»: Ақмола облысының ауыл тұрғындары балшыққа батып, биліктен жол сұрап отыр

Фото: видеодан скрин

Ақмола облысы, Целиноград ауданына қарасты Қойынды ауылының тұрғындары емханаға апаратын жолдың нашарлығына шағымданды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде тараған видеода ауыл тұрғыны баламен медициналық мекемеге жетудің өзі мұңға айналғанын көрсеткен. Оның айтуынша, жолдың батпаққа айналуынан жаяу жүру де, көлікпен қатынау да қиын. Тұрғындар қыста қарға, көктемде балшыққа батып, емханаға жеткенше әбігерге түсетіндерін айтады. Жергілікті халық бұл мәселені бірнеше рет көтергенімен, әзірге жолды жөндеу бойынша нақты шешім қабылданбаған. Ауыл тұрғындары жауапты әкімдік өкілдерінен мәселені созбай, емханаға апаратын жолды қалыпқа келтіруді талап етіп отыр.