10.11.2026, 09:35

Қазақстан экономикасының 10 айдағы өсімі 4,5% болды

Фото: ЖИ

Бұл 9 айдағы көрсеткішпен салыстырғанда 0,3 пайыздық тармаққа жоғары.

ҰСБ-ның алдын ала деректеріне сәйкес, 2026 жылғы қаңтар–қазанда Қазақстанның ЖІӨ-нің нақты өсімі 4,5%-ды құрады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл 9 айдағы көрсеткішпен салыстырғанда 0,3 пайыздық тармаққа жоғары. Экономикалық өсімге негізінен шикізаттық емес сектор үлес қосты. Алдын ала бағалау бойынша, аталған сектор 5,6%-ға өскен.

Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 3,5%-ға өсті. Бұл ретте өңдеуші сектордың өсу қарқыны тоғыз айда 8,6%-дан ағымдағы жылғы он айда 9,3%-ға дейін артты. Өңдеу секторындағы ең жоғары өсу қарқыны машина жасауда (22,2%), фармацевтикада (50,9%), дайын металл бұйымдарын өндіруде (30,4%), химия өнеркәсібінде (21,9%), резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде (18,1%), тамақ өнімдерінде (13%), құрылыс материалдарында (5,4%) байқалады. Құрылыс саласында өсім 13,1%-ды, көлік және қоймада – 7,5%-ды, саудада – 6,2%-ды, ауыл шаруашылығында – 5,2%-ды, байланыс саласында 4,9%-ды құрады.