Сонымен қатар құжатта қажыларды орналастыру, тасымалдау және қажылық қызметтерін үйлестіру бойынша тараптардың міндеттері белгіленген.
Қазақстан 2027 жылғы қажылық маусымына 4300 квота алды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Тиісті келісімге ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық және умра министрі Тауфиқ бин Фаузан әр-Рабиа қол қойған.
Келісім аясында екі ел арасындағы қажылық сапарын ұйымдастыру, қазақстандық қажыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және медициналық талаптарды сақтау мәселелері қарастырылған.
Сонымен қатар құжатта қажыларды орналастыру, тасымалдау және қажылық қызметтерін үйлестіру бойынша тараптардың міндеттері белгіленген.