10.11.2026, 14:20

Тоқаев 11 қарашада Мәскеуге жұмыс сапарымен барады

Фото: Ақорда

Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады. 

11 қарашада Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путиннің төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы өтеді, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Іс-шара барысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары өзара іс-қимылдың негізгі аспектілерін, ұйымның ұжымдық қауіпсіздік жүйесін одан әрі жетілдіру шараларын, сондай-ақ халықаралық және өңірлік өзекті мәселелерді талқылайды.

Бірқатар көпжақты құжатқа, соның ішінде қорытынды декларация мен ҰҚШҰ-ның 2030 жылға дейінгі терроризмге қарсы стратегиясына қол қою жоспарланған. Сондай-ақ 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ұйымға төрағалық ету өкілеттігін Ресейден Тәжікстанға беру туралы шешім қабылданады.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян бұл саммитке қатыспайды. Оның орнына ол Түркияға БҰҰ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясына (COP31) барады.