$ 448.98 € 502.45 ₽ 5.45

Астана орталығында балалар мектепке батпақ кешіп баруға мәжбүр: жаяу жүргіншілер жолы қайда?

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Астана қаласындағы Е429 көшесінің бойында орналасқан №8 және №14 үйлердің арасы тұрғындардың наразылығын тудырып отыр. Бұл аумақта жаяу жүргіншілер жолы талапқа сай емес, айнала лай-батпақ пен көлкіген суға толған. Әсіресе, мектеп пен балабақшаға баратын балаларға, сондай-ақ бала арбасын итерген ата-аналарға бұл жерден өту қиынға соғуда, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Тұрғындар жиналған су күн суытқанда қатып, жаяу жүргіншілер үшін қосымша қауіп төндіруі мүмкін екенін айтады. Осыған байланысты олар қала әкімдігі мен жауапты мекемелерден аумақты тексеріп, су бұру жүйесін реттеуді және қауіпсіз жаяу жүргіншілер жолын салуды талап етіп отыр.

Тұрғындар мәселе қыс түспей шешіліп, балалардың мектепке қатынауы қауіпсіз болғанын қалайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0