Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Мемлекет басшысының жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін марапатталды:
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы
- Құрманбайұлы Шерубай – «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» ҚБ вице-президенті, Астана қаласы;
«Ел бірлігі» ордені
- Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлы – «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» ҚБ орталық кеңесінің мүшесі, Астана қаласы;
«Құрмет» ордені
- Габерман Эльдана Александровна – Қорғаныс министрлігі Орталық ансамблінің солисі;
- Данченко Анна Александровна – «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ оқытушысы, Алматы қаласы;
- Манкеева Жамал Айтқалиқызы – «А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты» РМК бас ғылыми қызметкері, Алматы қаласы;
- Рысберген Қыздархан Құрмашқызы – «А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты» РМК бас ғылыми қызметкері, Алматы қаласы.
«Ерен еңбегі үшін» медалі
- Кузнецов Максим Александрович – «Кустовое негізгі мектебі» КММ мұғалімі Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы;
- Әбілқасымов Бекзада Пәкизадаұлы – «Bilim Group» компаниялар тобының бас заңгері, Астана қаласы;
- Әубәкіров Ержан Бейсембекұлы – «Білім Орда» халықаралық қоғамдық қорының президенті, Астана қаласы;
- Құрманжан Анар – «BMG UpSkill» компаниясының жоба жетекшісі, Астана қаласы.
«Шапағат» медалі
- Кравчук Евгений Анатольевич – «Юрий Гагарин атындағы орта мектеп» КММ мұғалімі, Жамбыл облысының Байзақ ауданы;
- Лагуткина Юлия Николаевна – қазақ тілі оқытушысы, Көкшетау қаласы;
- Пимичева Анель Витальевна – «Qostanai TV» телеарнасының редакторы, Қостанай облысы;
- Фролов Александр Игоревич – музыкант, әнші, Қостанай облысы.