10.11.2026, 17:25

Әкімдік қайғылы жағдайды күтіп отыр ма? Ақтауда балалардың өміріне қауіп төндірген ашық шұңқыр әлі жабылмаған

Фото: видеодан кадр

Қала әкімдігі мен жауапты мекемелер бұл мәселеге қашан назар аударады?

Ақтау қаласының 3-шағын ауданындағы №120 үйдің ауласында қараусыз қалған терең шұңқыр тұрғындардың алаңдаушылығын туғызып отыр, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы. 

Ашық жатқан қауіпті шұңқырдың жанында күн сайын балалар ойнап жүреді.

Бір сәттік абайсыздықтың өзі орны толмас қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.

Тұрғындар балалардың қауіпсіздігіне алаңдап, дабыл қағып отырғанымен, әзірге мәселе шешімін таппаған. Ал жауапты мекемелер мен қала әкімдігі қауіпті аумақты қоршау немесе шұңқырды жабу бойынша неге нақты шара қабылдамай отыр?

Баланың өміріне қауіп төнгенде ғана әрекет етпек пе?

Қала әкімдігі мен жауапты мекемелер бұл мәселеге қашан назар аударады?

Қайғылы жағдай орын алмай тұрып, қауіпті шұңқырды шұғыл түрде жабу қажет!

 

 

 

Видео: @mukhanova.aziia

Тегтер: Ақтау