$ 444.76 € 495.37 ₽ 5.37

Дженсен Хуанг Nvidia басшылығынан кетті, компания акциялары 12%-ға арзандады

Бас директордың міндетін компанияның қаржы директоры Колетт Кресс уақытша атқарады.

Фото: nvidianews.nvidia.com
Фото: nvidianews.nvidia.com

Nvidia компаниясының негізін қалаушылардың бірі Дженсен Хуанг бас директор қызметінен кетті. Ол компания президенті қызметінен де кетіп, директорлар кеңесінің құрамынан шықты, деп хабарлайды Sn.kz Nvidia-ның ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Бас директордың міндетін компанияның қаржы директоры Колетт Кресс уақытша атқарады. Директорлар кеңесі бұл қызметке компания ішінен де, сырттан да үміткерлерді қарастырады. 

Reuters мәліметінше, АҚШ-тағы сауда-саттықтың алғашқы сағаттарында Nvidia акциялары 12%-дан астам арзандады. Компанияның нарықтық құны 4 трлн доллардан төмен түсті.

Хуангтың отставкасы оның кәсіпкер Элис Хуангпен қарым-қатынасы туралы хабарлардан кейін болды. Reuters-тің жазуынша, АҚШ билігі Элис Хуангты Қытай барлау қызметімен байланысы бар деп күдіктенеді. Бейжің бұл айыпты жоққа шығарды. Nvidia бұған дейін Дженсен Хуанг шетелдік барлау қызметінің нысанасына айналды деген ақпаратқа байланысты тәуелсіз тексеру бастағанын мәлімдеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#компания #IT