2023 жылы Қазақстан шахмат федерациясының президенті болып сайланды.
Бүгін, қазақстандық кәсіпкер, қаржыгер және филантроп, Freedom Holding компаниясының негізін қалаушы, Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті Тимур Турловтың туған күні, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.
1987 жылы Мәскеу қаласында дүниеге келген. 2009 жылы К.Э.Циолковский атындағы Ресей мемлекеттік технологиялық университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 2003 жылы америкалық World Capital Investments инвестициялық компаниясының Мәскеудегі филиалында трейдер қызметін атқарды. 2005 жылы «Ютрейд.ру» компаниясында жұмыс істеді. 2008-2021 жылдары «Фридом Финанс» инвестициялық компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры болды. 2012 жылы Қазақстанда «Фридом Финанс» АҚ еншілес брокерлік компаниясын ашты. 2015 жылы құрамына «Фридом Финанс» инвестициялық компаниясы, «Фридом Финанс» АҚ, Freedom24 және «Фридом Финанс» банкі кіретін Freedom Holding Corp. холдингінің негізгі акционері атанды. 2019 жылы Freedom Holding Corp. NASDAQ биржасында листингтен өткен ТМД кеңістігіндегі алғашқы қаржы ұйымы болды. 2022 жылы Freedom Holding Corp. Ресейдегі бизнесінен толықтай шықты. 2023 жылы Қазақстан шахмат федерациясының президенті болып сайланды. 2024 жылы БҰҰ Жаһандық шартының Орталық Азиядағы Консультативтік комитетінің төрағасы болды.