$ 444.3 € 490.91 ₽ 5.41

«Құрылысты тоқтатты» деген аты ғана ма? Алматыда қазаншұңқырды тереңдету жұмыстары тұрғындарды алаңдатты

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Алматы қаласындағы Қонаев көшесі, 99А мекенжайында құрылыс жұмыстарына қатысты тұрғындар шағымданып отыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Олардың айтуынша, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы (ГАСК) құрылысты тоқтатып, қазылған шұңқырдың қабырғаларын нығайтуды міндеттеген. Алайда тұрғындар мердігер ұйым тек қауіпсіздік шараларын орындаудың орнына бірнеше күн бойы жер қазу жұмыстарын жалғастырғанын мәлімдеді. Олардың көзбен шолып бағалауынша, қазаншұңқырдың тереңдігі бұрынғыдан екі есеге жуық ұлғайған. 13 қарашада жұмысшылар шұңқыр қабырғаларын нығайтуға кіріскені байқалғанымен, тұрғындар құрылысқа қойылған шектеудің қаншалықты сақталғанына күмән келтіріп отыр. Енді Алматы қаласының жауапты мекемелері құрылыс жұмыстарының заңдылығын тексеріп, тұрғындардың қауіпсіздігіне қатысты нақты түсініктеме беруі тиіс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0