$ 444.3 € 490.91 ₽ 5.41

Астанада жол жиегі автобус тұрағына айналған: тұрғындар әкімдіктен шара қолдануды талап етті

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Астана қаласының тұрғындары жол бойында қараусыз тұрған автобустарға шағымданып, әлеуметтік желіде мәселе көтерді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Олардың айтуынша, қоғамдық көліктердің жол жиегін тұраққа айналдыруы өзге көліктердің қозғалысына кедергі келтіріп отыр. Ұзақ уақыттан бері тұрған автобустар жолды тарылтып, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге қолайсыздық туғызған. Тұрғындар мұндай жағдай жол қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін екенін айтып, жауапты мекемелердің назар аударуын сұрайды. Алайда Астана қаласы әкімдігінің бұл мәселеге қатысты қандай шара қабылдағаны әзірге белгісіз. Елорда тұрғындары жол жиегіндегі автобустарды алып тастап, көлік қозғалысын реттеуді талап етіп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0