Үшжақты келіссөздердің негізгі тақырыптары ядролық қаруды қысқарту және Иранға қатысты жағдай болады.
АҚШ президенті Дональд Трамп келесі аптада Қытайдың Шэньчжэнь қаласында Ресей мен Қытай көшбасшыларымен кездесуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Үшжақты келіссөздердің негізгі тақырыптары ядролық қаруды қысқарту және Иранға қатысты жағдай болады. Дегенмен, Вашингтон әлі келісімге қол жеткізілетінін күтпейді.
Ақ үйдің баспасөз хатшысының көмекшісі Оливия Уэйлс Владимир Путин және Си Цзиньпинмен кездесу өтетінін мәлімдеді.
Оның айтуынша, келіссөздер Шэньчжэньде өтетін Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭЫ) саммиті аясында өтеді.
Негізгі мәселелердің бірі ядролық арсеналдарды қысқарту болмақ. АҚШ әкімшілігі Дональд Трамп ядролық қарудың таралуы халықаралық қауіпсіздікке төнетін елеулі қатер деп санайтынын жеткізді.
Дегенмен, АҚШ-тың жоғары лауазымды шенеунігі Вашингтон кездесу нәтижесінде нақты келісімдерге қол жеткізіледі деп күтпейтінін ескертті.
Ақ үй алдағы келіссөздерді, ең алдымен, үш ел көшбасшыларының қарулануды бақылау мәселелері бойынша диалогының бастамасы ретінде қарастырады.
Иранға қатысты жағдай да талқыланатын тақырып болады. Ал үшжақты кездесу барысында Украинадағы қақтығысты талқылау, АҚШ шенеунігінің айтуынша, жоспарланбаған. Вашингтон Украина мәселесін Қытай қатыспайтын АҚШ-Ресей келіссөзі барысында талқыға салмақ.