Жол апаты Молдағалиев көшесінде болған.
13 қарашада Астанада қоғамдық көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде жасөспірімді қағып кетті. Оқиғаға Yutong маркалы автобус қатысқан, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жол апаты Молдағалиев көшесінде болған.
Полицияның мәліметінше, кәмелетке толмаған жасөспірім бағдаршамның қызыл түсіне қарамастан, реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінен өтпек болған.
Соққы салдарынан жасөспірім жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді.
Қазіргі уақытта полиция оқиғаға қатысты тексеру жүргізіп жатыр. Мамандар жол апатының себептері мен барлық мән-жайын анықтауда.