15.11.2026, 13:10

Алматыда екі қабатты ғимарат өртке оранды (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Өрттің жақын маңдағы өзге ғимараттарға таралу қаупі туындаған.

Алматы қаласының Алмалы ауданындағы Брусиловский көшесінде орналасқан екі қабатты ғимарат өртенді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер ғимараттың ашық жалынмен жанып жатқанын анықтаған.

Өрттің жақын маңдағы өзге ғимараттарға таралу қаупі туындаған.

Қазір оқиға орнында Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру бөлімшелері жұмыс істеп жатыр. Әзірге өрттің шығу себебі мен зардап шеккендердің бар-жоғы туралы ресми мәлімет жарияланған жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.