$ 444.3 € 490.91 ₽ 5.41

Түнде де тыныштық жоқ: BI Group құрылысынан шаршаған тұрғындар шағымданды

Фото: Видеодан скрин
Фото: Видеодан скрин

Астана қаласында BI Group компаниясының «Атамұра» тұрғын үй кешеніндегі құрылыс жұмыстары жұрттың наразылығын туғызды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Тұрғындардың айтуынша, құрылыс алаңындағы ауыр техника түнгі уақытта да жұмыс істеп, маңайдағы үйлердің тыныштығын бұзып жатыр. Әлеуметтік желіге шағым жариялаған тұрғын бұл мәселені бірнеше рет көтергенімен, еш нәтиже болмағанын айтады. Тіпті жауаптыларды әкімшілік жауапкершілікке тартқызғанын, соған қарамастан түнгі құрылыс жұмыстары тоқтамағанын мәлімдеді. Тұрғындардың шағымына қарамастан, BI Group компаниясы неге түнгі жұмыстарды тоқтатпай отыр деген сұрақ туындайды. Ал құрылыс компаниясы бұл мәселеге қатысты әзірге жарияланымда жауап бермеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0