$ 444.3 € 490.91 ₽ 5.41

Түркістанда зәулім ғимарат салуға ақша бар, жол жөндеуге жоқ па?

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласындағы Арал көшесінің тұрғындары жолдың әбден тозғанына шағымдануда,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Көшедегі асфальт ойылып, шұңқырлар пайда болған, ал жаңбыр жауса, жолдың ой-шұңқырларына су жиналады. Тұрғындар мұндай жолмен күн сайын жүруге мәжбүр екенін айтып, қала әкімдігінен мәселені шешуді талап етуде. Бір жағынан, Түркістанда зәулім ғимараттар бой көтеріп жатса, екінші жағынан, қарапайым тұрғындар жөнделмеген жолдың азабын тартып отыр. Облыс орталығының келбетін жақсартуға көңіл бөлген жергілікті билік халық күнделікті пайдаланатын көшелердің жағдайын неге назардан тыс қалдырған? Түркістан қаласының әкімдігі Арал көшесіндегі жолды қашан жөндейтіні әзірге белгісіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0