Марқұмды таныған немесе оның туыстары туралы мәлімет білетін азаматтардан көрсетілген нөмірге хабарласу сұралады.
Алматы облысының Қонаев қаласында жеке басы әзірге анықталмаған ер адамның мәйіті табылды. Марқұмның жанынан оның кім екенін анықтауға мүмкіндік беретін ешқандай құжат немесе жеке зат табылмаған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қоғам белсендісі Instagram парақшасында жариялаған ақпаратқа сәйкес, ер адамның денесі 2026 жылғы 27 қыркүйекте Қонаев қаласындағы 8-ші және 10-шы шағын аудандардың арасынан табылған. Қазіргі уақытта марқұмның жеке басын анықтау үшін тұрғындардан көмек сұралып жатыр.
«Фотосуреттегі ер адамды таныған немесе ол туралы қандай да бір ақпараты бар азаматтардан 8-778-435-3554 нөміріне хабарласуын сұраймын», – деп жазды Юлия Трофимова.
Марқұмды таныған немесе оның туыстары туралы мәлімет білетін азаматтардан көрсетілген нөмірге хабарласу сұралады. Сондай-ақ ақпаратты көпшілікке таратып, ер адамның жақындарын табуға жәрдемдесу өтініші айтылды.