17.11.2026, 11:45

«Бюджеттен бөлінген қаражатты игеретін компания қазақстандық болу керек»: Олжас Бектенов Үкіметке нақты тапсырма жүктеді

Фото: Үкімет

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында отандық өнімдер мен компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, елімізде шығарылатын өнімдерге, оның ішінде мемлекеттік сатып алу арқылы кепілді сұранысты қамтамасыз ету қажеттігіне ерекше назар аударып отырғанын атап өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Отандық өндірісті дамыту және ішкі нарықты қорғау – Үкіметтің экономикалық саясатының теңдессіз басымдығы. Мемлекет басшысы атап өткендей, күшті әрі бәсекеге қабілетті нақты сектор мен отандық тауар өндірушілерге арқа сүйемей, қуатты экономика құру мүмкін емес. Алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыру аясында биыл Қазақстанда жалпы құны шамамен 1,7 триллион теңгені құрайтын 200-ге жуық жаңа өнеркәсіптік кәсіпорынды іске қосу жоспарлануда. Біздің міндетіміз – отандық зауыттар мен фабрикалар үшін өнімдерін тұрақты өткізуге, қаржыландыру тетіктеріне қол жеткізуге және әділ бәсекелестік жағдайларына кепілдік беру. Жалпы қарапайым сөзбен айтатын болсақ, біз бюджеттен қаражат бөлсек, оны игеретін компания қазақстандық болуы керек, олар ақшаға сатып алынатын материалдар, тауарлар қазақстандық болуы керек. Оп-оңай қағидат. Оны бәріміз ұстануымыз керек. Ал егер Қазақстанда қандай да бір тауар өндірілетін болса, біз oны сатып алмай, импорттап алып келетін болсақ, ол мемлекет мүддесіне қайшы келетін әрекет. Оны үзілді-кесілді деп айту керек. Үкімет мүшелеріне және өңір басшыларына айтатыным, ескеріңіздер.»,— деп атап өтті Олжас Бектенов.