17.11.2026, 16:40

«Бұл қате емес»: Петропавл әкімдігі елді шулатқан үш қолды отбасы баннеріне қатысты жауап берді

Фото: Threads / @dario_1312

Жарияланым 4,9 мыңға жуық лүпіл жинап, жүздеген пікір жазылған.

«Бұл қате емес»: Әкімдік елді шулатқан баннерге қатысты жауап берді

Петропавл қаласында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған әлеуметтік баннер көпшіліктің талқысына түсті. Желі қолданушылары ондағы ер адам мен әйелдің үш қолмен бейнеленгенін байқап, дизайнердің жұмысын сынға алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Баннердің суреті Threads әлеуметтік желісінде жарияланды. Жазба авторының айтуынша, ол Ульянов көшесіндегі №59 және №61 үйлердің арасында орналасқан.

«Менің үш қолым бар, сенің де үш қолың бар. Бізден қалай банан дүниеге келген?» – деп әзілдеді желі қолданушысы.

Жарияланым 4,9 мыңға жуық лүпіл жинап, жүздеген пікір жазылған.

Қоғамдық резонанстан кейін Петропавл қаласының әкімдігі түсініктеме берді. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, баннер тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау көрсететін орталықтың жанында орналасқан.

«Орталық биыл қыркүйек айында ашылған. Мұнда өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдерге психологиялық көмек көрсетіліп, қолдау беріледі. Бұл қате емес, автордың көркемдік шешімі. Дизайнер осылайша отбасының қорғанышы мен бірнеше міндетті қатар атқара алатынын көрсеткісі келген. Алайда автордың бұл ойы әртүрлі қабылданғандықтан, баннерді алып тастап, орнына жаңасын ілу туралы шешім қабылданды», – деп хабарлады әкімдік өкілдері.

Осылайша, тұрғындардың сынына ұшыраған әлеуметтік баннер ауыстырылатын болды.