18.11.2026, 11:00

Қазақстандықтар желтоқсанда қанша күн демалады?

Фото: pixabay

Аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар желтоқсанда 9 күн, ал алты күн жұмыс істейтіндер 5 күн демалады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Биыл 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздігінің 35 жылдығы атап өтіледі. Тәуелсіздік күні сәрсенбіге сәйкес келеді. Бұл күні екі жұмыс кестесі бойынша да демалыс беріледі. 

Ал 31 желтоқсан – әдеттегі жұмыс күні. Жаңа жыл қарсаңында қосымша демалыс қарастырылмаған.