18.11.2026, 11:10

Петропавлда жолдар суға батып жатыр: әкімдік көктемге дайын емес пе?

Фото: Видеодан скрин

Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында қар еріп, көшелер мен жаяу жүргіншілер жолын су баса бастаған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

«Норд-Азия» сауда үйінің маңындағы аулаға кіреберіс шұңқыр мен лай суға толып, көліктердің қатынауы қиындаған. Тұрғындардың айтуынша, тротуарлардан жүру мүмкін болмай, балалы аналар арбамен көлік жолына шығуға, ал оқушылар мектепке шалшық суды кешіп баруға мәжбүр. Қарттардың өзі аяқ басатын құрғақ жер таппай жүргенде, қала әкімдігі жолдардың жағдайын неге бақылауға алмай отыр? Қыс әлі аяқталған жоқ, ал Петропавлдың кей көшелерінде еріген қар суының өзі тұрғындарға қиындық туғызып отыр. Қала билігі қазірдің өзінде суды ағызу мәселесін шеше алмаса, көктемде қар жаппай ерігенде жағдай не болмақ?