Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев жария тұлғалардың фотосуреттерін пайдалануға қатысты заң жобасына түсініктеме берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Министрдің айтуынша, ресми жиындар мен қоғамдық іс-шараларда түсірілген суреттерді пайдалануға шектеу қойылмайды. Мемлекеттік органдардың ресми сайттары мен әлеуметтік желілерінде жарияланған фотоларды да қолдануға болады. Ал шенеуніктер мен өзге де жария тұлғалардың жеке парақшаларындағы отбасымен немесе достарымен түскен суреттері жеке өмірге қатысты болып саналады. Сондықтан мұндай фотоларды пайдалануға қатысты бөлек талаптар қарастырылуы мүмкін. Заң жобасындағы бұл норманың нақты тетіктері алдағы талқылаулар барысында пысықталады.