$ 443.96 € 487.73 ₽ 5.38

Журналистердің әлеуметтік желідегі парақшаларын мемлекет бұғаттап жатыр ма? Министр жауап берді

Фото: baribar.kz
Фото: baribar.kz

Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев журналистердің әлеуметтік желідегі парақшаларының бұғатталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Оның айтуынша, Facebook пен Instagram желілеріндегі аккаунттарды бұғаттау туралы шешімді әлеуметтік желілердің өзі қабылдайды. Мемлекеттік органдар пайдаланушылардың парақшаларын өз бетінше бұғаттай алмайды. Министр журналистердің аккаунттарын мемлекет немесе квазимемлекеттік ұйымдар әдейі бұғаттатқаны туралы расталған бірде-бір дерек жоқ екенін айтты. Сондай-ақ кейбір парақшалардың бұғатталуына авторлық құқықтың бұзылғаны жөніндегі шағымдар себеп болуы мүмкін екенін түсіндірді. Арман Қырықбаев мұндай жағдайға тап болған журналистерге полицияға, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне немесе прокуратураға жүгінуге кеңес беріп, министрлік тарапынан қажетті құқықтық көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#журналистер