18.11.2026, 14:30

«Самұрық-Қазына» және ҚТЖ басшылары сот санкциясымен қамауға алынды

коллаж: Sn.kz

Ал тергеу құпиясына байланысты өзге ақпарат әзірге жария етілмеген. 

«Самұрық-Қазына» басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» компаниясының басшысы Елжас Отыншиев тергеу изоляторына ауыстырылды. Екі басшы сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша күдікке ілінген, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, 12 қарашада Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиев уақытша ұстау изоляторына жеткізілген. Кейін соттың санкциясымен екеуі де тергеу изоляторына ауыстырылған.

Қазіргі уақытта аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр. Ал тергеу құпиясына байланысты өзге ақпарат әзірге жария етілмеген.