18.11.2026, 18:20

Енді Threads-те біреудің жеке хатын жариялаған адам 7 жылға сотталуы мүмкін

Фото: PA

2026 жылы 2 мың АЕК 8 млн 650 мың теңгеге тең. 

Threads пен басқа да әлеуметтік желілерде жеке хатты, дауыс хабарламасын немесе фотосуретті келісімсіз жариялау жауапкершілікке әкелуі мүмкін, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Informburo.kz сайтына⁠ сілтеме жасап.

Қылмыстық кодекстің 148-бабы бойынша хат алмасу құпиясын заңсыз бұзғаны үшін 2 мың АЕК-ке дейін айыппұл немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тарту жазасы қарастырылған. 2026 жылы 2 мың АЕК 8 млн 650 мың теңгеге тең. 

Ал Қылмыстық кодекстің 147-бабына сәйкес, әлеуметтік желіде адамның жеке немесе отбасы құпиясын оның келісімінсіз таратқаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Бұл жаза өзге дербес деректерді заңсыз таратып, адамның құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірген жағдайда да қарастырылған. ҚР Қылмыстық кодексі⁠

Заңгер Ермек Абдрасұловтың айтуынша, жеке хаттарды сақтап, қажет болғанда адвокатқа, сотқа немесе құзырлы органдарға ұсынуға болады. Ал өзгенің фотосын жариялау үшін, заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, сол адамның келісімі қажет.