Түнде 27 тамызда Ақмола облысында топырақтың беткі қабатында кей жерлерде 0-2 градус шамасында үсік байқалады, деп хабарлайды «Қазгидромет» метео қызметі.
Сонымен қоса, синоптиктердің болжамынша, Астанада түнде +13+15°С, 27 тамызда күндіз +21+23°С болады, түнде сынап бағанасы +7+9°С көрсетеді.
Алдағы күндері көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, солтүстіктен, солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді.