$ 444.22  476.38  4.82

Сәкен Майғазиев Алматыдағы гей-клубты өртеп жіберуге дайын екенін айтты

Көгілдірлер клубының қасында тұрып сұхбат беруге намыстанған «МузАрт» тобының әншісі Сәкен Майғазиев, жынойнақты жағып жіберіп, істі болуға да дайын екендігін білдірді, деп хабарлайды 31 арна.

— Құдайға шүкір, бізді тыңдайтын адам жетеді. Осындай ешектер үшін біздің түрмеге отыруымызға тура келеді. Өртеп жіберуге дайынмын. Бір аптаның көлемінде осы жерде жоқ болмаса, мен өртеп жіберуге дайынмын, — деп уәдесін берді Сәкен Майғазиев.

«Ұлтжандылар көгілдірлерді жарнамалайтын суретті салғандарға қарсы арызды аудандық соттар мен ІІМ-не жолдады. Бірақ топ жиналса қарадай тізелері дірілдейтін, оқиға орнына келген жауапты шенеуніктер тысқа ілінбеген сурет иелерін бойынша жазалау әзір қиын дейді», делінген телеарна сюжетінде.

— Күй атасы, қазақтың біртуары Құрманғазы бабамыздың аруағын қорлауы және орыстың классигі Пушкинді қорлауы деген бұл барып тұрған опасыздық. Бұл екі аяқты мал деп айтсам артық айттым деп ойламаймын. Екеуін сүйістіріп қойған дизайнер, ол дизайнерді тасаттық жасап өлтірсе де артық болмайды деп ойлаймын өзім. Өртеп жіберуге дайынмын мен. 1 аптаның көлемінде шешім қабылданбаса, осы жерден мына клуб жоқ болуы тиіс, — деді ашуланған Сәкен Майғазиев.

Еске сала кетсек, жақында алматылық жарнама агенттігі Құрманғазы күйші мен Александр Пушкиннің сүйісіп тұрғаны бейнеленген постер жасап шығарды. Постер Havas Worldwide Kazakhstan компаниясында жасалған, тапсырыс беруші — Қазақстанның ЛГБТ-қоғамдастығы. Жоба Алматыдағы Құрманғазы және Пушкин көшелерінің қиылысында орналасқан гей-клуб — «Студия 69» көңіл көтеру орнын жарнамалаған еді. Жоба Red Jolbors Fest байқауына қатыстырылғаннан кейін көпке танылды, бұл байқауға Орталық Азияның жарнама саласының өкілдері қатысқан болатын. Ұйымдастырушы —қырғыз мамандары. Байқау қорытындысы 23 тамыз күні шығарылды, жеңімпаздар бірнеше номинация бойынша анықталды. Құрманғазы мен Пушкин бейнеленген постер «Сыртқы жарнама» бөлімінде үшінші орынды иеленді. Аталмыш постер әлеуметтік желілерде көпшіліктің наразылығын туғызған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары