Қымбат баспана сатып алған тұрғындар құрылысшылардың кемшілігін түзету үшін неге уақыт жоғалтуы керек?
Астана қаласындағы BI Group компаниясы салған 4YOU тұрғын үй кешеніндегі пәтердің еденінен кемшілік табылғаны туралы шағым жарияланды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Пәтерді қабылдау кезінде еденге құйылған цемент қоспасының құрамында құм бары және жұмыстың сапасыз орындалғаны айтылған.
Threads желісіндегі sidstudia.kz парақшасының мәліметінше, енді пәтердің еденін толық бұзып, қайта құю қажет. Бұл жағдай BI Group компаниясының құрылыс сапасын қаншалықты қадағалайтынына қатысты сұрақ туғызады.
Қымбат баспана сатып алған тұрғындар құрылысшылардың кемшілігін түзету үшін неге уақыт жоғалтуы керек?
Астана қаласының әкімдігі мен құрылысқа жауапты бақылаушы органдар аталған шағымды тексеріп, құрылыс компаниясынан нақты жауап талап етуі тиіс. Видео: @sidstudia.kz