Мемлекет басшысы бұл туралы Астанада өткен Стратегиялық серіктестердің III халықаралық форумында айтты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне ұлттық мәртебе беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Мемлекет басшысы бұл туралы Астанада өткен Стратегиялық серіктестердің III халықаралық форумында айтты.
– Халқымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне «Ұлттық» мәртебе беру туралы шешім қабылдадым, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Университет өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл шешім оқу орнының тарихындағы маңызды белес әрі ұжымға артылған үлкен сенім.
Сондай-ақ университеттің көпжылдық тарихына, ғылыми әлеуетіне, қалыптасқан білім беру дәстүріне және ел дамуына қосқан үлесіне берілген жоғары баға ретінде бағаланып отыр.