$ 444.16 € 487.29 ₽ 5.4

Нұрлан имам АҚШ елшісін үйіне шақырып, шапан жапты (ВИДЕО)

Дипломат пен оның қызы қазақ халқының қонақжайлығын танытатын «төр көрсету» дәстүрімен танысты.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Стаффт қызы Амелиямен бірге Нұрлан имамның үйіне қонаққа барды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Дипломат пен оның қызы қазақ халқының қонақжайлығын танытатын «төр көрсету» дәстүрімен танысты.

АҚШ елшілігі әлеуметтік желідегі ресми парақшасында қонақта өткен кездесудің видеосын жариялады. Сондай-ақ елшілік Нұрлан имамға жылы қабылдауы үшін алғыс білдірді.

«Елші Стаффт пен оның қызы Амелияны қазақ халқының жылылығын, қонақжайлығын және мәдени байлығын танытатын әдемі дәстүр – "төр көрсетуге" шақырғаныңыз үшін рақмет, Нұрлан имам», – делінген жазбада.

Жарияланған видеода елші мен қызының қазақы нақыштағы шапан киіп, дастарқан басында отырған сәттерін көруге болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#Нұрлан имам