$ 444.16 € 487.29 ₽ 5.4

Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты сот үкімі күшіне енді

Бұл туралы қылмыстық іс бойынша жәбірленуші, Жақсыгеннің бұрынғы әйелі Фариза Сабырәлиеваның адвокаты мәлімдеді.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Актер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Апелляциялық сот бірінші сатыдағы сот шешімін күшінде қалдырып, қорғау тарапының шағымын қанағаттандырмады. Осылайша, актерге тағайындалған 2 жыл 3 ай бас бостандығынан айыру жазасы заңды күшіне енді.

Бұл туралы қылмыстық іс бойынша жәбірленуші, Жақсыгеннің бұрынғы әйелі Фариза Сабырәлиеваның адвокаты мәлімдеді.

Адвокаттың айтуынша, Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы істі апелляциялық тәртіппен қарап, түпкілікті шешім шығарған.

«Апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдырып, қорғау тарапының апелляциялық шағымын қанағаттандырусыз қалдырды», – деп хабарлады қорғаушы.

Қылмыстық-процестік кодекстің 444-бабының 3-бөлігіне сәйкес, апелляциялық қаулы жарияланған сәттен бастап заңды күшіне енеді.

Еске салайық, Нұрсұлтан Жақсыген бұрынғы әйелі Фариза Сабырәлиевамен соттасқан. Бұған дейін Сабырәлиева әлеуметтік желіде видео жариялап, өзі туралы шындыққа жанаспайтын әрі абыройына нұқсан келтіретін ақпарат таратылғанын мәлімдеген еді.

Сот шешіміне сәйкес, актер бұрынғы жұбайына 5 миллион теңге төлеуге міндеттелген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0