Қазіргі кезде Каспий теңізінде жие балықтың жаппай өлімінің себебі анықталуда, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдегендей, соңғы кезде Каспий теңізінің Маңғыстау облысы бойынша аймағында жие балық ресурстарының өлуі фактісіне байқалуда.
Маңғыстау облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы және өкілетті мемлекеттік органдардың өкілдерімен аталған себеп бойынша шұғыл түрде жиналыс өткізілді.
«Жиналыс нәтижесімен өкілетті мемлекеттік органдардың өкілдерінен тұратын арнайы топ құру жөнінде шешім қабылданды, қазіргі таңда балық ресурстарының өлуі себептерімен және ауқымы анықталуда», делінген хабарламада.
Осыған байланысты, өкілетті мемлекеттік органдардың өкілдерімен балықтың өлу себептері табиғи құбылыс немесе су және қоршаған ортаның температура режимінің шектік деңгейінен көтерілуі қолайсыз жағдай туғызуы мүмкін деген тұжырымға тоқталды.