$ 455.12 € 498.99 ₽ 5.55

Петропавлда жантүршігерлік жол апатынан әйел адам көз жұмды

Фото: pixabay
Фото: pixabay

Петропавлда екі көлік соқтығысып, төрт адам ауруханаға жеткізілді. Кейін 50 жастағы жолаушы әйел көз жұмды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қайғылы жол апаты Петропавл қаласындағы қиылыстардың бірінде болған. ВАЗ-2111 және Audi A6 көліктері соқтығысқан.

«Полиция қызметкерлері 21 қараша күні сағат 10:54 шамасында Петропавл қаласындағы Уәлиханов пен Гашек көшелерінің қиылысында болған жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр. ВАЗ-2111 және Audi A6 автокөліктері соқтығысқан. Жол апаты салдарынан түрлі жарақат алған төрт адам медициналық мекемелерге жеткізілді. Олар – Audi A6 көлігінің 29 жастағы жолаушысы, ВАЗ-2111 көлігінің 50 жастағы жолаушысы мен 54 жастағы жүргізушісі, сондай-ақ 36 жастағы жаяу жүргінші. Кейін 50 жастағы жолаушы әйел ауруханада көз жұмды», – деп жазылған хабарламада.

Аталған жол апатына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция департаменті жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жолда мұқият болуға шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0