$ 455.12 € 498.99 ₽ 5.55

Nvidia кеңсесіне оралған Дженсен Хуангті қызметкерлер қошеметпен қарсы алды (ВИДЕО)

"Бүгін менің алғашқы жұмыс күнім".

Фото: Видеодан скрин
Фото: Видеодан скрин

Nvidia қызметкерлері компанияның бас директоры Дженсен Хуангті қошеметпен қарсы алды. Кәсіпкердің жұмысқа қайта оралған сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Видеода Хуангтің Калифорния штатындағы Санта-Клара қаласында орналасқан Nvidia штаб-пәтеріне келгені көрінеді. Компания қызметкерлері оны «Біз сені жақсы көреміз, Дженсен!» және «Қайта оралуыңмен!» деп айқайлап қарсы алған.

Тағы бір видеода басшы ұжымның жылы ықыласына алғыс білдіріп, әзілдеген.

«Бүгін менің алғашқы жұмыс күнім. Компьютерім жоқ, сондықтан IT-бөлімі маған жаңасын береді», – деген ол жиналғандарды күлдіріп.

Сонымен қатар Хуанг қызметкерлерінен өткен жағдайлар үшін кешірім сұрап, өзіне тағы бір мүмкіндік бергені үшін ризашылығын білдірді.

«Мен бірнеше өрескел қателік жібердім және бәрін қалпына келтіру үшін жұмыс істеймін. Екінші мүмкіндік бергендеріңіз үшін баршаңызға рақмет. Бұл жолы бұдан да жақсы бас директор боламын», – деді кәсіпкер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0