Бүгін ғана Өнеркәсіп министрі лауазымын босатқан Ерсайын Нағаспаев енді атышулы компания – «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясын басқаратын болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл шешімді Самұрық-Қазына қорының акционерлері қабылдаған.
Айта кетейік, жуырда Ұлттық қауіпсіздік қызметі «Қазақстан темір жолы» компаниясының бұрынғы басшысы Елжас Отыншиевті пара алды деген күдікпен Астанада қолға түсірген болатын. Оның қасында «Самұрық-Қазына» қорының төрағасы Нұрлан Жақыпов та болған.