$ 494.87  520.65  4.91

Астана вокзалында қария қос аяғынан айырыла жаздады

Астанада жетпістегі жолаушының аяғын эскалатор жұлып кете жаздады. Оқыс оқиға темір жол вокзалында болған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Елордаға Қарағандыдан қонаққа келген кейуананың айтуынша, жоғары көтеріліп бара жатқан баспалдақ аяқ-асты істен шығып, кері кеткен. Сол кезде қос аяғы қысылып қалыпты. Ал, темір жол вокзалындағылар мүгедек болып қала жаздаған зардап шегушіге қарайласпапты. Бұған ашуланған әжей вокзал басшыларын сотқа бермек.

— Мен ортасында келе жатқанмын, бірдеңесі дүрілдеді эскалатордың. Майраға қарасам, ол қозғалып тұр. Оған қарасам, өзім құлап жатырмын. Алдыға келе жатқан эскалатор қайтадан келе жатыр, сынған ба, білмеймін . Аяғыма тиіп, «өлдім» деп бақырдым, — дейді зардап шегуші Қаламқас Өтепбергенова.

Қаламқас әжей қазір әрең жүреді. Қос аяғында эскалатордың ізі анық көрініп тұр, тобығына дейін ісіп, көгеріп кеткен. Ол аздай мүгедек болып қала жаздаған кейуананың жүрегі де әбден шайлығып қалыпты. Тіпті «енді Астанаға жоламаймын» деп жылап отыр.

«Эскалатордың істен шығып, бірнеше жолаушының аяғын жұлып ала жаздағанынан вокзалдағылар хабардар болған. Бірақ жауаптылардың мұндай оқиғаға еті үйреніп кеткен сынды. Өйткені, бас қаламыздағы тозығы жеткен темір баспалдаққа күнара адам қысылып қалады екен. Сондықтан болар оңбай құлап, қансырап кеткен Қаламқас апаның жағдайын вокзал қызметкерлері ұмытып та кетіпті», делінген телеарна сюжетінде.

Гүлбағила Тұрсынбаева, Қ.Өтепбергенованың қызы:
— Мен бұл істі жәй қалдырмаймын деп шештім. Өйткені, вокзал басшылары хабарласып, анамның жағдайын да сұрамады. Керісінше, жаңа қызметкерлері эскалаторға міне алмайтын жолаушылардың өзі кінәлі деп отыр, — дейді әжей.

Жалпы, Астананың темір жол вокзалындағы эскалаторлардың жаңартылмағанына жеті жылдан асқан, барлығы тозып тұр. Яғни, жолаушы қауіпсіздігіне ешкім кепілдік бере алмайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары