Елімізде атмосфералық ағындардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, республиканың оңтүстік-батысында шаңды дауыл көтеріліп, солтүстігінде - түнде және таңертең тұман түседі, топырақ беті қатып, күндіз шығыста бұршақ жауады, деп хабарлайды «Қазгидромет» метео қызметі.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ғана күн райы ашық болады.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, түнде Алматы, күндіз Маңғыстау облыстарында желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді, Маңғыстау облысында шаңды дауыл көтеріледі. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-қа жетіп, күндіз бұршақ жауады. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді деп күтілуде.
Түнде Ақмола облысында топырақтың беті 0-2 градусқа дейін қатады.
Күндіз Атырау, Ақтөбе облыстарында, Маңғыстау облысының кей жерлерінде ыстық болады.
Республиканың оңтүстігінде, батысының кей жерлерінде, солтүстік-батысында, шығысында және орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады.