$ 494.87  520.65  4.91

3 тонна солярканы шекарадан өткізбек болған ресейлік ұсталды

Қазақстан-Ресей шекарасында контрабандалық жолмен 3 тонна солярка өткізбек болған азамат ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі мәлімдегендей, Орал отрядының «Шаған авто» өткізу-бақылау бекетінің бақылаушылары 3 тонна солярканы тиісті құжаттарсыз заңсыз өткізуге тырысқан 47 жастағы Ресей Федерациясының азаматын ұстады.

«Газ 3302» жүк машинасына 15 бөшке тиеп, әрқайсысына 200 литрден солярка құйған азамат заңсыз жүгін елімізден Ресейге өткізуге әрекеттенді», делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша Батыс Қазақстан облысының құқыққорғау органдары хабарландырылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары