$ 494.87  520.65  4.91

Нигериялық жігіт Алматыға деген махаббатын әнмен жеткізді (ВИДЕО)

Шетелдіктердің Алматыға деген көзқарасын нигериялық Rich D есімді жігіт өз әніне сыйдыра білді. Африкалық қонақ қазақ қаласының сұлулығы жайында бейнеклип түсіріп, домбырада да өлең айтқан, деп хабарлайды Baq.kz.

Rich D өзінің Алматыға деген махаббатын қала табиғатының әсемдігімен, халқының қонақжайлығымен түсіндірді.

Ол жастайынан өлең айтып, әншілікті кәсіп еткен. Алғашында Нигериядағы шіркеуде ән айтыпты.

Кейін Қазақстанға оқуға келіп, түнгі клубтарда DJ қызметін атқарған, әрі өзінің жаңа өлеңдерін жаза бастапты. Мұнан кейін Rich D бірнеше жылға АҚШ-қа кеткен болатын. Онда ол саз мектебінде біліктілігін жетілдірген. Биыл Алматыға қайта оралған әнші шығармашылығын осында жалғастыруды жөн көріп отыр.

Бүгінде Rich D 10 әннің авторы. Өлеңдерін ол ағылшын, орыс және қазақ тілдерінде жазады. Ағылшын мен орыс тілдерін еркін меңгерген африкалық жігіт қазір қазақшаны да тыңғылықты үйреніп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары