Қасиетті Құранның орта ғасырларда хатқа түскен қолжазба нұсқасындағы парақтары Австралия астанасында өткен бәссаудада 68 мың долларға сатылды, деп хабарлайды muslim.kz.
Саудаға шығарғандар не жақтауы да жоқ, не безендірілмеген қасиетті қолжазба ары кеткенде 37-55 доллар аралығында сатылады деп күткен екен. Нәтижесінде Лондон шаһарынан келген коллекционер оны аталған сомадағы қаражатқа ойланбай сатып алады.
—Біз — қарпайым бәссауда кеңсесіміз. Қолжазба 16-шы ма, әлде 14-ші ме немесе 18-ші ме, қай ғасырға тиесілі екенін нақты білмейміз. Алайда, жәдігердің сақталуында мін жоқ. Кей беттері жыртылғаны болмаса, — дейді осы бәссауданы ұйымдастырған Марк Оуэнс CNN ақпарат көзіне берген сұхбатында.