$ 494.87  520.65  4.91

Алматыдан 359 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыдан 359 шақырымда 3,5 магнитудалық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Қазақстан БҒМ сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы.

Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісі сәрсенбіде Алматы уақытымен 12.50-де тіркелді.

«Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 359 шақырымда орналасқан», делінген хабарламада.

Ошақтың тереңдігі 10 километрді құрайды. Сезілуі туралы мәлімет жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары