$ 494.87  520.65  4.91

Астаналық тәртіп сақшылары ЖКО зардап шеккен балалар үшін қан тапсырады

Елордалық тәртіп сақшылары «ЖКО зардап шеккен балаларға көмектес» донорлық акциясын өткізеді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Қала әкімдігінің ресми сайтының хабарынша, полицейлер жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккен балаларды емдеуге жәрдемдесу үшін қан тапсырады. Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасынан хабарлағандай, акция ертең сағат 08.00-12.00 ІІД ғимаратында өтеді, онда жылжымалы қан тапсыру пункті орналысады. Жалпы, акцияға 200 астам полиция қызметкерлері қатысады деп күтілуде. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары балалар ауруханаларына барып, жас жол көлік инспекторларының қатысуымен жол жүру ережелері бойынша сұрамағын өткізеді, балаларға жарық шағылыстыратын элементтер мен тәтті-дәмділер таратады.

Астана қаласы ІІД ӘПБ мәліметінше, елордада жыл басынан бері балалардың қатысуымен 60 жол-көлік оқиғасы тіркелген, оқиға салдарынан бір бала көз жұмды, 59-ы түрлі дене жарақаттарын алған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары