Қарағанды облысының Теміртау қаласында төртінші қабаттағы терезеден құлаған сәби жарақаттанды, деп хабарлайды «Қазақпарат».
— Куәгерлер мен анасының айтуынша, бүлдіршін біршама уақыт қараусыз қалған. Шамасы, москиттік торға сүйенем деп, төртінші қабаттағы терезеден құлап кеткен болуы керек. Зардап шеккен ер бала біздің орталық ауруханаға жеткізілді, — деді емдеу бөлімі бас дәрігері орынбасарының міндетін атқарушы Марина Ким.
Дәрігерлердің ақпаратына сүйенсек, бала жабық бас сүйек ми зақымын алған, жауырыны мен жіліншігі сынған. Абырой болғанда, бірінші қабаттағы дүкеннің шатырына құлап аман қалған. Әйтпегенде салдары бұдан да ауыр болар еді.