$ 494.87  520.65  4.91

Биыл қазақстандық түрмелерде 160-қа жуық сотталушы қайтыс болды

Қазақстанда 2014 жылы 160-қа жуық сотталған адам қайтыс болды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Теңізжан Жәнібеков мәлім етті.

— Биыл түрлі аурулары бар 160 адам қайтыс болды, көрсеткіш үш-төрт жыл ішінде 22 пайызға азайды, — деп Т.Жәнібеков журналистердің қойған сауалына жауап берді.

Оның айтуынша, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі өлім-жітім көрсеткішімен бірге, туберкулез және басқа да ауруларға шалдығу деректері 26 пайызға азайған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары