$ 498.34  519.72  4.85

Астанада электронды жолақы төлемі жүйесі енгізілмек

Астанада қоғамдық көлікпен жүруді қолайлы әрі тиімді ету үшін келер жылы арнайы пластик және қағаз карточкалардың көмегімен жұмыс істейтін электронды жолақы төлемі жүйесі (ЭЖТЖ) енгізіледі, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Астана әкімдігінің ресми сайты мәлімдегендей, жолақы құны аялдамалардың санына байланысты белгіленеді. Мысалы, қазіргі кезде жолаушылар ақшаны үнемдеу мақсатында ұзақ жүретін бір бағдардағы автобусқа отырса, электронды жолақы төлемі жүйесі енгізілген соң олар артық ақша жұмсамай бірнеше маршрутпен жол жүре алатын болады.

Карточкалардың негізгі 4 түрі болады: зейнеткерлерге, мүгедектерге, оқушыларға және студенттерге арналған дербес пластикалық карта. Екіншісі қала тұрғындарына арналған қарапайым пластик карта. Бұл өзіндік электронды әмиян іспетті, оны әр түрлі жолдармен толтырып отыруға болады.

Үшінші түрі бірнеше сапарға алдын ала сатып алынған қағаз жол жүру билеті. Бұл қала қонақтары үшін тиімді. Ең соңғысы, әдеттегі қағаз билет. Оны қолма-қол ақша төлеу арқылы автобус жүргізушісінен сатып алуға болады.

Жоба 2015 жылы жазда іске қосылады деп күтілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары